7 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ЖҮРГІЗУШІЛЕР ҚОСЫЛУЛЫ ЖАРЫҚПЕН ЖҮРЕТІН БОЛАДЫ
Өздеріңіз білетіндей, 1 қаңтардан бастап ҚР «Жолда жүру ережелері» Заң күшіне енді. Осы заң аясында 7 қаңтардан бастап қазақстандық жүргізушілер көліктерінің фарын жағып жүретін болады.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР «Жолда жүру ережелері» Заңына бірқатар өзгертулер енгізілгенмен қоғамда біраз дау туындағаны белгілі. Оның ішінде жолда жүру ережелерінен автокөлік құралдарын жүргізуге сенімхат арқылы тіркеуге қатысты нормалар жойылды.
"Заң жобасын дайындау барысында біз арнайы түрде жол жүру қауіпсіздігінің әлемдік тәжірибесін зерттедік. Өздеріңізге мәлім, Қазақстан жол жүру туралы халқаралық конвенцияны бекіткен. Сол себепті аталған зерттеулер нәтижесінде біз жекелеген елдерде күндіз қосулы жақын жарық фарамен немесе күндізгі жүру жарығын қосып жүрген кезде жол-көлік оқиғаларының саны 20%-ға азайғанын түсіндік", - деді дүйсенбі күні брифингте Қайсар Сұлтанбаев.
Оның айтуынша, аталған заң Қазақстанда ЖКО санын азайтуға мүмкіндік береді.
"Сондықтан аталған норманы қабылдау дұрыс деп есептейміз", - деді ол.
Қайсар Сұлтанбаев еске салғандай, аталған норманы сақтамаған автожүргізушілер 5 айлық-есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл төлейді. Еске салсақ, 2015 жылы 7 қаңтарда Қазақстанда жол жүру ережесінің жаңа редакциясы күшіне енеді.
Онда "Сыртқы жарық аспаптары мен дыбыс сигналдарын пайдалану" тарауында алғаш рет көлік құралдарының жүргізушілерін күндіз жақын жарық фараларын немесе күндіз жүру жарықтарын қосып жүруге міндеттейтін норма енгізілген.
1 айлық-есептік көрсеткіш 2015 жылы 1982 теңгеге тең.