ҚЫЗЫЛОРДАДА 2014 ЖЫЛЫ ОРТАША АЙЛЫҚ ЖАЛАҚЫСЫ 101985 ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ
«Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында Қызылорда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетованың қатысуымен брифинг өтті.
Брифинг барысында сөз сөйлеген басқарма басшы Қызылорда облысының 2014 жылдың қаңтар-қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәлімдеме жасады.
«Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 253,3 млрд. теңгені құрап, 2013 жылдың соңғы кезеңдерімен салыстырғанда 71,2 пайыз. Инвестиция көлемінің төмендеуі облыс аумағында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбыры мен «Батыс Еуропа – Батыс-Қытай» сияқты бірқатар ірі жобалардың аяқталуына байланысты. Осы орайда, жалпы сомасы 300 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жаңа жобалар дайындалуда. Өткен жылы 286,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалынуға берілді», - деді ол.
Сондай-ақ, Сәуле Ибрагимқызы аймақта жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрап, 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2 пайызға азайғандығын мәлімдеді.
Фариза ОМАРОВА