КӘСІПКЕРЛЕР САУДА ҮЙЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА АЛАҢДАР ҚҰРУДЫ ҰСЫНДЫ
Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының алаңында «Даму» қоры, облыс орталығындағы ірі сауда үйлері мен базарлардың басшыларының қатысуымен сауда үйлері және базарларды дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Палата директорының міндетін атқарушы Руслан Досмаханов: «Қазіргі уақытта ҰКП өңірлік даму министрлігімен бірге «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының басым бағыттарының қатарына сауда саласын дамытуды қосу мәселесін қарастырып жатыр», - деді.
Қаулы жобасында мекемелер мен сауда нысандарының құрылысын заманауи үлгіде салу көзделген. Олардың қатарында Астана мен Алматы қалаларындағы алаңы 20 мың шаршы метр, ал облыстардағы аумағы 10 мың шаршы мертді құрайтын сауда үйлері мен сауда ойын-сауық орталықтары бар. Өз кезегінде өңірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік нысандары үшін бұл талаптарды артық деп есептейді.
Осы орайда палата қызметкерлері талдау жасап көрген-ді. Мониторинг нәтижесі бойынша бүгінгі күні облыста 14 ірі сауда үйі мен 21 базар бар. Сауда алаңы 450 мен 2,5 мың шаршы метр аралығында болса, аудан орталықтарында 2 мыңнан көп емес. Кәсіпкерлер бұл мәселені қайта қарауды ұсынып отыр.
Талқылау нәтижесінде жиналғандар аудан орталықтарындағы сауда үйлерінің алаңын 1,5 мың, облыс орталығында болса 3 мыңнан кем қылмау туралы пікірге тоқтады.