Тұңғиық тарихымызға тереңірек үңілейік
Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы. Бұл мақалада Қазақ халқының тереңнен бастау алатын тарихи және мәдени ерекшеліктері, сондай-ақ, әлемдік өркениетке қосқан өзіндік үлесі туралы жазылған. Мақаланы оқи отырып, тарихтың тұңғиығына сүңгіп кетесің.
Грек аңыздарының барлығында Геркулес, Геракл, Зена сынды батырлары аталатындығына назар аударды. Бірақ олар ешқашан кентаврлармен соғыспайды. Керісінше олармен үнемі мәміледе болады. Сол кентаврлар біздің көшпенді бабаларымыз еді. Ат үстінде өздерін еркін ұстай білетін ержүрек батыр ретінде аңыздарда кентавр қалпында қалдық. Жалпы осы арқылы ата-бабаларымыз кеңістікті уақытты өте жылдам игерді. Бұл туралы көптеген ғалымдар, ғұламалар ой қозғады. Тіпті сол заманда біздің ата-бабаларымыз уақыттың, мәдениеттің католизаторына айналды деген ұғым бар.
Сондықтан бүгінгі жаһандану жағдайында ұлттың бірегейлігін сақтауда халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тарихын танып, әрі ашылмаған қырларын зерттеуге шақырамын.
Бақтияр ОСПАНОВ,
«Дін мәселелерін зерттеу» орталығының теолог маманы.