«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті
Жиында Елбасы, Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы талқылау бойынша және аймақтағы дарынды шығармашыл жастарға қолдау көрсету туралы жұмыстары пысықталды.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылғы 21 қарашада «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялады және біз оны Ұлт тарихын танудың жаңа кезеңі ретінде ауқымды «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген бағыттардың жалғасы деп қарауымыз керек деді өз сөзінде жиынды ашқан Қызылорда облыстық партия филиалының бірінші орынбасары И.Құттықожаев.
Жиын барысында, Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында облыстық «Мирас» кеңесінің белсенді мүшесі, Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Қорқыттану және өлке тарихы» Ғылыми-зерттеу институты директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Кәрібозов баяндама жасады.
Елбасы өз мақаласында ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау мен бұл жобаны жүзеге асыру барысында тарихшылардан, деректанушылар мен мәдениеттанушылардан құрылған арнайы топтардың отандық және шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі әрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып, іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізуі қажеттігін атап өтті. Осы бағытта облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ә.Ерсұлтанов толығырақ айтып өтті.
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаевтың төрағалығымен өткен кеңес отырысына кеңес мүшелерімен бірге мемлекеттік және ҮЕҰ өкілдері мен белсенді жастар және БАҚ өкілдері қатысып, күн тәртібіндегі мәселелер төңірегіндегі ойларымен бөлісіп Елбасының мақаласын жүзеге асыруға байланысты бірқатар ұсыныстар айтылды.