Сырдария ауданында "Сoworking" орталығы ашылды
Орталықтың ашылуына Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары Б.Мырзахметова, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Төрәлиев және кітапхана оқырмандары мен белсенді жастар қатысты.
Орталықтың ашылуында "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Еркебұлан Жақып сөз сөйлеп, жобаның мақсаты, күтілетін нәтиже және басым бағыттар туралы айтып өтті.
– Жоба Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясын жаңғырту бағытындағы тапсырмасына сәйкес орындалуда. Орталықтағы жұмыс процесінде жастар интернет желісін пайдаланып, кездесулерді, семинарларды, конференцияларды өткізе алады. Осында түрлі форматтағы іс-шараларды өткізуге, кеңес алуға, идеялар талқылауға болады. Бұл игі іс оқырмандар санын арттыруға үлес қосатынына сенім мол, – деді Е.Жақып.