2015 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА КӨЛІК БАҒАСЫ АРЗАНДАЙДЫ
Рубльдің құлдырауы салдарынан РФ-дағы көлік бағасы да күрт арзандап, қазақстандықтардың көпшілігі "темір тұлпарды" Ресейден барып сатып алып келуде.
Соңғы бірнеше айдан бері Қазақстанның көлік нарығында тұрақсыздық орын алған. Бұған ең алдымен Ресейдегі девальвация себеп.
Рубль құлдырап еліміздің көптеген азаматтары "темір тұлпарды" Ресейден сатып алып жатқаны белгілі. Ал ертеңгі күні өз елімізде Ресейдегі жағдай қайталанса, елдегі автомобиль өнеркәсібіндегі жағдай қалай болмақ?
Бұл сауалға еліміздегі Тәуелсіз автомобиль бизнесі кеңесінің төрағасы Павел Ким жауап қатты. Ол 2015 жылға болжам жасаған. Оның айтуынша, биыл Қазақстанның автокөлік нарығында ең алдымен контрабанда мен контрафакт көлемі артатын көрінеді.
"Біз 2015 жылдың бірінші тоқсанында нарыққа көптеген көліктің шетелден кіргізілетінін болжап отырмыз. Соның салдарынан ұсыныстың көлемі сұраныстан қарағанда әлдеқайда артады. Ал, өнімге деген сұраныстың аз болуынан оның бағасы да тиісінше арзандайтыны сөзсіз. Ресми дилерлер бәсекелестікте жеңіліп қалмау үшін бағаны амалсыз төмендетеді", - деді ол.