Ұлы даланың ұлы есімдері
Тарихын білмеген ұлттың болашаға бұлыңғыр. Мысалы, керемет үлкен еменнің тамыры терең болмаса, ол дауылға шыдап тұра алмайды. Бұл сөздер Мемлекет басшысының сұхбатында айтылған болатын. Елбасы Н.Ә.Назарбав «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында уақыт кеңістігінен ұлтымызды Ұлы қылған аспектілерді атап көрсетті. Ұлаңғайыр жеріміз әртүрлі мәдени құндылықтардың орны болған. Атқа міну мәдениеті, аң стилін бейнесінің тұрмыста пайдалануы, Алтын адамның табылуы, Ұлы жібек жолы жүйесінің қалыптасуы.
Ежелгі Қазақтан территорисында өмірдің, мәдениеттің қайнап жатқанын, әрдайым тың дүниенің ашылуына себепші болған тарихи ескерткіштердің болуы - дүниежүзілік тарих сахнасында біздің орнымызды нақтылап берді. Осы орайда, тарихи сананы жаңғырту барысында бірнеше ірі жобалар ұсынды. Атап кету керек, халық талқылауында жүрген бұл мақала оң пікірлер қалдыруда. Ұсынылған шаралардың бірі: Ұлы даланың ұлы есімдерін асқақтату. Расымен, әрбір ел ұлы бабаларымен мақтанады. Қазақ жерінен ғылыми сенсациялар ашқан, терең ойлы мағлұматтар қалдырған бабаларымызбен неге мақтанбасқа?
- Мысалы, өткен дәуірдегі Тутанхамон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж Вашингтон сияқты дүниежүзілік белгілі тұлғалар бүгінде «өз мемлекеттерінің» баға жетпес символдық капиталы саналады әрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр – деді, Елбасы өз мақаласында.
Сондықтан «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу – ағарту энциклопедиялық саябағын ашу – ұлтымыздың тарихи жаңғыруының кепілі екендігі анық. Сонымен қатар, бұл іс – шараға шетелдік мамандардың қатыстырылуы, біздің ұлы тұлғаларымыздың жаһандық аренаға паш етуге үлесін қосқандығы сөзсіз.
Талғат ҚАНАТОВ
"Нұр Отан" партиясы Арал аудандық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары