Еліміздің бай тарихы – бабаларымыздың салған даңғыл жолы

Бұл тарихта дәлелденген шындық. Біздің дәуірімізге дейінгі мыңжылдықтардың өзінде Ұлы даладағы сақ, ғұн, түрік, оғыз, Селжұқ, Қарахан мемлекеттері өзге елдерге үлгі болған, ел басқарудың жүйесін қалыптастырған. Сондай-ақ, қазақ жерінде дала демократиясы өріс алған. «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Әз-Тәукенің жеті Жарғысы» шын мәнінде мемлекеттің ерекше қарқынмен дамығанын көрсетеді.
Қазіргі кезде Италия, Германия секілді елдерде ммелекет тарихы жинақталып, оқып, үйрену дәрежесіне жеткен. Бізде де ел тарихын қайта қарау, зерттеп, зерделеп, өскелең ұрпаққа, әлемге таныту кезек күттірмейтін іс. Айталық, жазушы, ғалым Мұхтар Мағауиннің XV ғасыр әдебиетін, жыраулар мұрасын зерттеуі 1970 жылдары зерттеушілердің, тіпті елге белгілі жазушылардың қарсылығын тудырды. Алайда қазір XV ғасырдан бұрынғы әдеби, тарихи бай мұрамызды зерттеу, сол арқылы тарихты таныту, ұлт рухын көтеру өте маңызды.
Бегімбай Ұзақбаев,
Қазақстанның мәдениет қайраткері