«Менің Қасиетті Қазақстаным!» байқауында жерлесіміз үздік ондық қатарынан көрінді
Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясындағы «Туған жер» арнайы жобасының негізінде, Республикалық «Рухани жаңғыру» жобалық басқару кеңсесінің қолдауымен мектеп оқушыларын Қазақстанның қасиетті жерлеріне апаруды мақсат еткен Республикалық өлкетану акциясы өткен болатын. Аталған акцияға 1000-нан астам мектеп оқушысы қатысты.
Қатысушылардың лебіздерін, алған әсерлерін бөлісуге мүмкіндік жасау мақсатында Ruh.kz порталы қыркүйек айында эссе жазудан байқау жариялаған еді.
Республикалық өлкетану акцисының жүзеге асу барысында оқушылар өзге аймақтарға қонақ болып барып, өздерінің көңіл көкжиегін кеңейте отырып, жаңа орта, жаңа достар тапты. Байқау жарияланған уақыттан бастап 453 жұмыс келіп түсті. Түрлі жодармен жолданған байқау материалдарының ішінен 253 жұмыс іріктеліп алынды. Қазақ тілінде жазылған материалдардың саны – 238, ал орыс тілінде 15 жұмыс жолданды.
Жақын арада жеңімпаздарды салтанатты түрде құттықтау шарасы жүзеге асады. Ruh.kz порталы жүлделі орындардан көрінген қатысушыларды халық назарына ұсынды.
1-орын: Рахымбердi Айгерiм.
2-орын: Табылдынова Адина, Қостанай облысы.
3-орын: Жорабекова Мәдина, ШҚО.
Айта кетейік, белсенділік танытып, үздік деп танылған тағы да 10 жұмысқа алғыс хаттар табыс етіледі. Олардың қатарында Қызылорда облысынан қатысқан Дінисламбек Әбдірасуллаев та бар. Дінисламбек Арал ауданы Шижаға елді мекені №57 Е.Көшербаев атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы.