Қызылордада жастарға арналған "Археолог" лагерін ашу жоспарлануда
Оқушылар мен студенттер Сығанақ және Жанкент қалаларының қазба жұмыстарына қатысады.
Келер жылдан бастап облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері бірнеше ірі жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Солардың бірі - жастарға арналған "Археолог" лагерінің ашылуы.
Келер жылдан бастап облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері бірнеше ірі жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Солардың бірі - жастарға арналған "Археолог" лагерінің ашылуы.
"Біздер бірнеше жобаларды ұсындық. Егер олар қаржыланса, келер жылдан бастап жүзеге асырамыз. Сонымен қатар, жастарға арналған арнайы археологиялық лагерь ашуды ұсынып отырмыз. Оқушылардан және студенттерден құралған топ 20 күн ішінде ортағасырлық көне Сығанақ және Жанкент қалаларының қазба жұмыстарына қатыстырылады. Сондай-ақ, лагерде ғалымдармен кездесу, қасиетті нысандарға экспедициялар мен экскурсиялар ұйымдастырылады", - деді тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Асхат Сайлау.
Бұл жоба көне өлкенің тарихы мен мәдениетінің дамуы туралы өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған.
Айта кету керек, "Қазақстанның қасиетті нысандары" жобасы аясында облыстық мұражай "Қызылорда облысының киелі жерлеріне саяхат" жобасын жүзеге асыруда. Бүгінде 400 бала ортағасырлық көне қалаларды және сәулет ескерткіштеріне саяхат жасап, қасиетті жерлерді аралады.