«ҚАЗАГРОМАРКЕТИНГ» АҚ-на 4000 МЫҢҒА ЖУЫҚ ҚАТЫСУШЫДАН ӨТІНІШ ТҮСТІ
2014 жылы кредиттер, сондай-ақ ауылшаруашылық техникасы мен технологиялық жабдықтары бойынша лизинг шарттарының сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бағдарламасы қорытындыланды.
Өткен жылы бағдарламаның операторы – «Қазагромаркетинг» АҚ-на аграрлық нарықтың 4000 мыңға жуық қатысушыларынан субсидиялауға 9402 кредиттік/лизингттік келісім шарттар бойынша өтініштер келіп түсті. Осы келісім шарттар бойынша жалпы қарыздың қалған көлемі 160 млрд. теңгені құрайды. Өтініштер 23 қаржы институты тарапынан ұсынылған.
Кредиттер, сондай-ақ ауылшаруашылық техникасы мен технологиялық жабдықтары бойынша лизинг шарттарының сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау комиссиясының 22 отырысы ұйымдастырылып, 2014 жылы субсидиялауға жататын жалпы сомасы 6,3 млрд.теңгені құрайтын 9092 келісім шарт мақұлданды. Мақұлданған келісім шарттардың әрекет ету мерзімінің аяқталуына дейін субсидиялаудың көлемі 25,8 млрд.теңгені құрайды.
Түскен өтініштердің негізгі бөлігін, яғни 78%-ын лизингтік келісім шарттар құраса, 22% кредиттік келісім шарттар құрады.
Осылайша, мақұлданған 7 080 қаржылық лизинг келісім шарттары бойынша 9000 дана техника субсидиялауға жатады. Лизинг алушылар тарапынан тапсырылған және мақұлданған өтініштердің негізгі лизинг заты- тракторлар (42%), комбайндар (22%), сығымдау-іріктеуіштер (7,6%), дестелегіштер (7,6%), сепкіштер (3,4%), құрама әмбебап аспалар(3,3%) және ауылшаруашылық өндірісіне арналған өзге де техника мен құрал-жабдықтар (11%).
Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 29 сәуіріндегі №420 қаулысымен «Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ережелер бекітілген.
Кредиттер, сондай-ақ ауылшаруашылық техникасы мен технологиялық жабдықтары бойынша лизинг шарттарының сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың негізгі мақсаты - АӨК субъектілеріне қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыру.
Бағдарламаның шарттарына сәйкес субсидиялау теңгемен алынған номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14%-дан аспайтын және шетелдік валютада алынған номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 10%-дан аспайтын кредиттік және лизинг келісім шарттары бойынша жүзеге асырылады.
Айналымдағы қаражатты толтыру және негізгі қаражатты алу, құрылыс, сондай-ақ технологиялық жабдықты және ауылшаруашылық техникасын лизингке сатып алу кредиттерінің сыйақы мөлшерлемелері теңгемен алынған болса, жылдық7%-ға төмендетіледі, шетелдік валютамен алынған болса, жылдық 5%-ға төмендетіледі.
Мал шаруашылығы мен мал азығын өндіруге арналған ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын сатып алу мақсатындағы кредиттер мен лизингтің сыйақы мөлшерлемелері теңгемен алынса, жылдық 10%-ға, шетелдік валютамен алынған болса, жылдық 7%-ға төмендетіледі.
«Казагромаркетинг» АҚ баспасөз қызметі