ТАКСИЛЕРДЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН АВТОКРЕСЛО БОЛУЫ ТИІС
Қазақстанда 7 қаңтардан бастап күшiне енетiн Жол қозғалысының жаңа ережесіне сәйкес, жүргiзушiлер 12 жасқа дейiнгi балаларды тасымалдайтын арнайы құрылғыларды өзiмен бiрге алып жүруге мiндеттеледi. Сонымен қатар, бұл тәртіпке бағынбағандарға айыппұл салынады. Бұл туралы бүгiн ҚР IIМ баспасөз мәслихаты барысында Әкiмшiлiк полиция комитетiнiң басқарма басшысы Қайсар Сұлтанбаев мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Жалпы балаларды автокөлiктерде арнайы орындықтар, арнайы бесiк, арнайы қондырғылармен алып жүруге болады. Бүгiнгi күнi арнайы отырғыштар мен қондырғыларға қатысты мәселе жоқ секiлдi, өйткенi мұндай қондырғылар дүкендерде сатылады», - дедi Қ.Сұлтанбаев.
Оның айтуынша, такси жүргiзушiлері де ендi мұндай қондырғыларды өзiмен бiрге алып жүруге мiндеттеледi.
«Такси жүргiзушiсi алдыңғы орында баланы тасымалдайтын арнайы отырғышты, ал артқы орындарда үш орынға арналған арнайы қондырғыларды өзiмен бiрге жүксалғышында алып жүруi тиiс», - деген ол қауiпсiздiк белдiктерi жол-көлiк оқиғасы кезінде балаларды қорғай алмайтынын тiлге тиек еттi.
Сонымен қатар, Басқарма басшысы балаларды арнайы қондырғыларсыз тасымалдайтын жүргiзушiлерге айыппұл салынатынын, ал ереже бiр жылда бiрнеше рет бұзылатын болса, куәлiгінен айрылатынын да атап өтті.
«Айыппұл көлемi 5 АЕК. Ол шамамен 7-8 мың теңге болады. Бiр жылда үш рет ереже бұзылатын болса, жүргізуші Әкiмшiлiк кодекс баптарына сәйкес, 6 айға дейiн жүргiзуші куәлiгiнен айрылатын болады», - деп түйiндедi ол.
Естерiңiзге сала кетейiк, ҚР Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысымен жаңа Жол қозғалысы ережесі бекiтiлдi. Аталған үкiмет қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.