Рухани жаңғыру – жастарға жарқын жол
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Рухани жаңғыру – жастар таңдауы» тақырыбында пікір алмасу жиыны өтті.
Шара барысында «Ізет» қоғамдық қорының директоры, бизнес-тренер Шыңғыс Үмбетаев әрбір қазақстандық жас Елбасы мақаласында көрсетілген міндеттер мен тапсырмалар негізінде жұмыс жасауы керек екендігін атап өтті. «Zhas project» жастар корпусын дамыту жобасы аясында жүзеге асқан жастарға кәсіби бағдар беріп, мамандық таңдауға ықпал ететін «Профориентациялық орталықтың» негізін қалаушы, психолог-коуч Әсем Жақаева мамандық таңдауда негізгі ұстанымдарға тоқталып өтті.
Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы пікір алмасу кешінің негізгі тақырыбына айналды. Жастар белсенді пікір білдіріп, мамандардан өзекті сұрақтарына жауап алды.