Жамбы ату – мергендікті жетілдіреді
Жамбы дегеніміз – көне түрік тілінде «ямбу» яғни, құймалы алтын немесе күміс дегенді білдіреді. Сол сияқты, бағалы заттардан жасалған құнды бұйымдарда жамбының рөлін атқара береді. Жамбы – ірі қара немесе ұсақ малдың тұяғы мүсіндес болғандықтан тайтұяқ, қойтұяқ, аттұяқ, асық жамбы, бесік жамбы, түйекөз жамбы, қойбас жамбы т.б. деп аталаған. Жамбының жасалған материалына байланысты: таза ақ күмістен жасалған болса ақ жамбы, алтыннан жасалса алтын жамбы деп де атаған.
Жамбы ату ойынын – көшпенділер жауынгерлердің мергендік қабілетін жетілдіру үшін қолданған. Оның басты мақсаты біріншіден, әскери-жауынгерлік дайындықты жетілдіру, екіншіден, ел арасындағы мергендерді (садақшыларды) анықтап оларды көтермелеу, үшіншіден, сыналған мергендерден арнайы топ құрып, соғыста күштік құрлым ретінде пайдаланған.
Жамбының «Айқабақ ату» деген де түрі бар. Егер нысана алтын бұйымнан жасалған болса «Алтын қабақ» деп атаған. «Жамбы» немесе «Айқабақты» ұзын сырықтың басына, мөлшерлі жерге іліп қояды. Оны аттың үстінде шауып келе жатып садақпен дәл атып түсіру керек. Бұл садақшылардың ең жоғары деңгейдегі жарысы. Өте үлкен мерекелерде ғана ойналады. Атып түсірген мерген қымбат бұйымды өзі алады. Бір сөзбен айтқанда, бұрынғы кезде жауынгерлер мал табу үшін мерген болуы шарт.
Дәстүрлі ұлттық ойында атқа салт мінген қатысушы шапқан аттың екпінімен өтіп бара жатып, жоғарыға ілінген жамбыны атып түсіру керек болған. Ойынға қатысушы лақтырылған жамбыларға жағын тінтуір арқылы дәлдеп, атып тигізуі тиіс. Ойынның басты мақсаты – ретімен күрделене түсетін 5 деңгейден сүрінбей өту. Әрбір деңгейде 1 минут беріледі, осы уақыт ішінде 10 жамбыға дәл тигізуі шарт. Шартты орындай алмаған ойыншы ұтылған болып саналады. Деңгейден деңгейге өту барысында ойын күрделене түсіп, жамбылар көлемі кішірейіп, қозғалыс қарқыны артады.
Ойын алғашқы кезеңнен-ақ жалықтырмас үшін әрбір тигізілген нысанаға ұпай беріліп отырады. Бұл келесі ретте ойыншының ойын нәтижесін ары қарай арттыруына мүмкіндік береді. Ұпай мөлшері ойыншының қандай жамбыға және қандай биіктікте тигізгендігіне байланысты: алтын жамбы үшін жоғары ұпай, күміс жамбыға орташа, қола жамбыға ең төменгі ұпай саны беріледі. Әрбір деңгейдің соңынан жинаған ұпай саны көрсетіледі.
Жамбы ату спортының шығу тарихы кім-кімді де болмасын қызықтырары белгілі. Бұл спорттық ойынның тарихы тым тереңде жатыр. Оның пайда болу мерзімін тарихшы-ғалымдар б.з.б. ІV-ІІІ ғасырлар үлесіне жатқызып жүр. Зерттеушілердің пікірінше, көшпенді Ғұн ұлысы алғаш рет садақшылар (мергендер) қосынын дүниеге келтірген. Қытай жазбаларында ғұндар көсемі (тәңірқұты) Мөденің үш мың мерген садақшылары болғаны жайлы дерек айтылады. Ал, моңғолдың «Құпия шежіресінде» 1225 жылы Шыңғыс қаған Хорезмді толық бағындарған соң «Бұғылы-шашақ» дейтін жерде ұлан-асар той жасап, ат жетер жердегі мергендерді шақырып, сайыс өткізгені туралы айтылады. Осы сайыста Есей мерген 335 құлаш (502 метр) жердегі нысана-жамбыға оғын дәл тигізген.