Елбасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің басшылық құрамымен кездесті

А.Әшімбекұлы заңнамаға сәйкес ант берді.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев А.Әшімбекұлының тәжірибесі мол екенін атап өтіп, оның кәсіби біліктілігіне тоқталды.
Сондай-ақ, Елбасы Мемлекеттік күзет қызметінің қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқаратынына назар аударды.
– Ел қауіпсіздігі жүйесінде Мемлекеттік күзет қызметінің рөлі айрықша. Бұл алдарыңызға қойылған міндеттердің ерекшелігіне байланысты, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы Күзет қызметінің тиімді жұмыс істеуі үшін бүгінде барлық құқықтық және материалдық-техникалық жағдай жасалғанын атап өтті.
– Қауіп-қатерді тойтаруға әрдайым дайын болу, жаңа сын-қатерлерге бейімделу, қатерлердің алдын алуға және ауыздықтауға бағытталған шұғыл және күзет шараларының кешенін жетілдіру – сіздердің міндеттеріңіз. Сондықтан, Мемлекеттік күзет қызметінің әлеуетін арттыру және оны жан-жақты жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жүргізу қажет, – деді Қазақстан Президенті.
Жиын соңында Елбасы Мемлекеттік күзет қызметінің жедел іс-қимыл штабының және осы мекеменің басқа да жұмыстарымен танысты.