«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру — ең маңызды басымдық

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының жаңа кезеңі мен жаңа мазмұндағы жобалар туралы "Тәрбие және білім" бөлімінің басшысы Ә.Әбдіхалықова, "Атамекен және ақпарат толқыны" бөлімінің басшысы Г.Әшірбекова кеңінен айтып берді. Аймақ педагогтары бағдарламаны жаңа мазмұнда іске асыруға байланысты өз ұсыныс-пікірлерін айтып, көкейде жүрген сауалдарын қойды.
Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған бағдарлама жеке адамның өзіне, Отанына, қоршаған әлемге жаңа қарым-қатынасын қалыптастыруды мақсат етеді.
Ең бастысы - ұлттық кодты сақтай отырып, бәсекеге қабілетті, прагматик, саналы, білімді, жоғары мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу. Ал шын мәнінде жеке тұлғаның білімге құштарлығы мен бәсекеге қабілеттілігін, өзгеріске бейім болуы үшін тәрбиенің қандай тәсілдерін қолданған жөн?!
Осы орайда Ә.Әбдіхалықова тәрбие берудің жаңа тәсілдері мен формаларын көпшілікке ұсынды. Ақпараттық дәуірде жастарды әсіресе оқушыларды таң қалдыру көп ізденісті қажет етеді. Бағдарламаның түпкі мақсаты - жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, ұрпақ сабақтастығын дамыту. Бүгінгі басқосуда осы мақсатқа жетудің жолдары жан-жақты талқыланды.


