ҚҰРМЕТТІ «БЖЗҚ» АҚ САЛЫМШЫЛАРЫ (АЛУШЫЛАРЫ)!
Міне 2014 жыл да аяқталып қалды, ал бұл БЖЗҚ-ның сіздерге 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарыңыз туралы жыл сайын ақпарат беруге қатысты міндетін орындайтын кез келгенін білдіреді.
Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді көшірме Сізге зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт немесе ақпарат алу тәсілін өзгерту (белгілеу) туралы келісім жасасқан кезде өз еркіңізбен таңдаған тәсіл бойынша беріледі.
Қолданыстағы зейнетақылық заңнамаға сәйкес, салымшылар (алушылар) белгіленген тәртіп бойынша қордың ақпарат беруге қатысты міндеттемелерін орындауына әсерін тигізетін өзгерістердің барлығы туралы БЖЗҚ-ға хабарлауға міндетті.
Мұндай өзгерістерге:
- егер ақпарат алудың «электрондық пошта бойынша (e–mail)» әдісін таңдаған болса, электрондық адрестің өзгеруі;
- егер зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алудың «пошта бойынша» әдісі таңдалған болса, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көрсетілген пошталық мекенжайдың өзгеруі жатады.
Егер салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өзінің қоныс аударғандығы туралы хабарламаған болса, оған пошта арқылы жолданған үзінді көшірме қорға қайтып оралады. Мұндай жағдайда, зейнетақы заңнамасына сәйкес, БЖЗҚ келесі жылы үзінді көшірме жолдамау құқығына ие болады.
Пошталық мекенжайдың өзгергендігі туралы салымшы (алушы) БЖЗҚ кеңсесіне өзі келіп, пошта байланысы немесе электрондық пошта арқылы тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсетіп, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін міндетті түрде қоса ұсына отырып хабарлай алады. Электрондық адресінің өзгергендігі туралы ақпаратты салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өзі келгенде ғана хабарлай алады.