Ұмыт болған тағам - үлпершек
Аты таңсық бұл тағам жылқының тұтас жүрегінен дайындалады. Оны дайындардан бұрын бір ай шамасында ұн арасында сақтап сүрілейді. Әбден сүрленген жүректі асады. Негізі жылқының жүрегінен тағамдар өте сирек дайындалады.
Қазақ арасында үлпершек тағамына байланысты аңыз да бар. Үлпершекті ұзатылып кеткен қызына ата-анасы сыйлық ретінде дайындап берген. «Қыз жат жұрттық», «Қыз қонақ» дегенмен, төркінен келген үлпершекті жеген қыз ата-анасының жүрегінде мәңгілік екендігін сезінеді екен.


















