Аушадияр – дәстүрлі өлең, жыр
Жастар шаңырақ көтергенде жасалатын салт-дәстүрлердің қатарында – аушадияр дәстүрі де бар. Үйлену тойы кезінде айталатын аушадияр – дәстүрлі өлең, жыр. Өзіндік айтылар әні, ерекше ұлттық тәрбиелік маңызы бар бұл дәстүрдің жастарға ой салатыны белгілі. Тойдың көркін қыздырып, көркем шығармашылықпен айтылатын өнегелі өнер қазақтың ұмыт болған дәстүрлерінің қатарында. Бұл дәстүр Қазақ елінде ұмыт болғанымен, елімізден жырақта жүрген қазақтар сақтап қалған.
Аушадияр үйлену тойы үстінде айтылады. Өлең жолдарында ақыл, үлгі, өнеге, тәлім-тәрбие туралы толғауды санамалап айтып, шаңырақты берік ұстау туралы ойлар астарлап жеткізіледі. Осындай бай дәстүрімізді бүгінгі әдетімізге енгізер болсақ, мәдени қазынамыз да, ұлттық өнеріміз де өсе түсер еді.
Аушадияр дәстүрінде айтылатын өлең жолдары мынадай:
Аушадияр бір болар,
Жаманның көңілі кір болар.
Ата-анасын сыйлаған.
Ақ шалмалы би болар.
Аушадияр екі дер,
Ержеткеннің еркі дер,
Омырауы толған он түйме,
Қыз баланың көркі дер…
Аушадияр төрт болар,
Қыздың қойны өрт болар.
Екі жақсы қосылса,
Өле-өлгенше серт болар.