ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Мұрат Келесов Ресей ТЖМ-дегі әріптестерімен кездесу кезінде «Ресей ТЖМ №70 федеральдық өрт сөндіру қызметі мамандандырылған басқармасы» ФМКМ-нің бастығы ішкі қызмет полковнигі Андрей Заровскийді Ресей елінің Құтқарушылар күнімен құттықтады.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті атынан М.Келесов әріптестеріне жоғары біліктілік, ерлік және жанкештілік еңбек тіледі. Құтқарушылардың қызметі өндірістік және әлеуметтік нысандар құрылымдарын төтенше жағдай мен техногендік апаттан қорғайды. Олардың кәсіби шеберлігі, жедел әрекет етуі, өткірлігі, қызметіне адалдығы мыңдаған адамның өмірін сақтауға негіз болады. Барлық саладағы қауіпсіздікті сақтау іс-әрекетіндегі басты бағыт болып табылатындығын жеткізді.
Салтанатты шараның соңы «Ресей ТЖМ №70 федеральдық өрт сөндіру қызметі мамандандырылған басқармасы» ФМКМ-нің қызметкерлерінің концерттік бағдарламасына ұласты.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы