ОБЛЫС ӘКІМІ АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫ ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Бүгін облыс әкімі Қ.Көшербаев Жаңа жыл мерекесімен құттықтау үшін облыстық мамандандырылған сәбилер үйіне және Ана мен бала орталығына барды.
Облыстық мамандандырылған сәбилер үйі 60 орынға арналған. Мұнда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ақыл-ой және дене дамуында ақаулықтар кездесетін 4 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленуде. Аймақ басшысы бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, Жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.
Мұнан соң өңір басшысы Ана мен бала орталығында болды. Биыл пайдалануға берілген нысан емдеу-сауықтыру бағытындағы аймақтағы ең ірі орталық болып саналады. Диагностикалық емханасы бар перинаталдық орталықта отбасын құруды жоспарлау және түсік қаупінің алдын алу бойынша мамандар кеңес береді. Екі жүз орынға арналған орталықта 600-ден астам дәрігер қызмет етеді. Он төрт неонатолог пен 7 реаниматор осы арнайы оқытылды. Мұнда 12 жеке босану бөлімшесі бар. Жүкті әйелдер патологиясы мен нәрестелер бөлімінде медицинаның соңғы жетістіктері, диагностикалау мен емдеудің озық әдістері қолданылады.
– Соңғы екі жылда ана мен бала өлімі елу пайызға төмендеді. Алдағы уақытта да осындай жемісті жұмыс жасауымыз керек. Оған бізде толық мүмкіндік бар. Келер жылданда жақсы нәтиже күтеміз, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.