ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВТЫҢ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҚҰТТЫҚТАУЫ
Құрметті жерлестер!
Санаулы сәттерден кейін қасиетті де киелі қазақ жеріне, Тәуелсіз елімізге, әр жанұяға Жаңа 2015 жыл қадам басады. Қай-қайсымыз болса да әдеттегідей Жаңа жылға үмітпен қарап, жағымды жаңалықтар күтіп, жаңа мақсат-міндеттер белгілейміз.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, Тәуелсіз еліміз шекарасын бекітіп, экономикасын нығайтып, әлеуметтік деңгейін өсіріп, Еуразия төсінде жаңа Астанасын салып, ғаламдық процесстерге ықпал ете алатын, ата-бабаларымыз армандаған Егемен, алпауыт мемлекетке айналды. 2050 жылға дейін дүние жүзіндегі маңдайалды дамыған 30 елдің қатарына ену мақсатын алдымызға қойдық. Аталған межемізге біздер күмәнсіз жетеміз. Себебі бізді бір Отан, бір тағдыр, бірінші Президент біріктірді!
Иә, қазіргі кезде ғаламдық экономиканың өсуі төмендеп, кезекті дағдарыстың салқынын сезініп жатқанымыз құпия емес. Дегенмен, Елбасының көреген саясатының арқасында дағдарыста дағдырап қалмау үшін дамудың жаңа жолын айқындап алдық.
Тұрақтылығы төмен және дағдарысқа бейім келетін бұл кезең барлығымыздың ерекше сергек, өзгеріске икем және іске ширақ болуымызды талап етеді. Осы орайда, Елбасы алдымыздағы қиындықтарға төтеп беруге және ықтимал қауіп-қатерлердің алдын алуға бағытталған «Нұрлы Жол» атты жаңа экономикалық саясатын жариялап, даму бағытымызды көрсетіп берді.
Жалпы, 2014 жыл республикамызбен бірге Сыр елі үшін де нәтижелі жыл болды. Түркі әлеміне ортақ Қорқыт ата кешенін қайта жаңғырттық. Бұл бүкіл түркітілдес елдерінің тәу етер орны болмақ.
Инвестиция тарту, құрылыс салу, орта-кіші кәсіпкерлікті дамыту, бюджетті нығайту бойынша еліміздің маңдайалды аймақтарының қатарындамыз. Қиыншылықтарға қарамастан әсіресе әлеуметтік саланы назардан тыс қалдырған емеспіз. Мәселен, жан басына шаққандағы бюджеттің әлеуметтік шығындары бойынша облысымыз бірінші орында.
«Нұрлы жол» – еліміздің дамуындағы жаңа кезеңнің бастауы. Бұл тек дағдарысты жеңіп, қиындықты еңсеру бағдарламасы ғана емес. Бұл - одан әрі күшейіп, біріге түсуге жасалған зор тарихи мүмкіндік. Айқындалған ортақ мақсатымыз бар, ол – әлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосылу ниетін ақиқатқа айналдыру және «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру.
Аталған жасампаз жобаларды іске асыру үшін ең бірінші елімізге бірлік қажет.
Сондықтан, «Алаштың анасы» аталған Сыр елі ырыстың – ынтымаққа, берекенің – бірлікке бітетінін жақсы біледі, қадірін терең түсінеді.
Уважаемые кызылординцы!
Сегодня, провожая уходящий год, позвольте сердечно поблагодарить Вас за всё, что мы вместе сделали за прошедший год.
За этот год нам удалось проделать большую работу, вложив весомый вклад в будущее региона. Из года в год набирает силу, крепнет Кызылорда, растёт экономика региона и открываются новые возможности для ее жителей.
В 2014 году в области был собран рекордный урожай риса, введены в эксплуатацию многие социальные и производственные объекты. Улучшилось качество жизни населения.
Через несколько минут наступит новый 2015 год. По традиции, за праздничным дастарханом собрались самые дорогие друг другу люди. Этот праздник – средоточие всего самого дорогого в жизни людей: поддержка близких, тепло домашнего очага, искренняя вера в то, что всё будет хорошо, что новый год будет лучше старого, что дети наши будут счастливы, старшие – здоровы и благополучны? И самое главное – мирное небо над головой.
Пусть в новом году сбудутся все Ваши самые заветные мечты! Искренне желаю Вам успехов, здоровья, счастья и благополучия в новом 2015 году!
С Новым годом!
Құрметті қызылордалықтар!
Жаңа жылда Сіздерге игілік пен ізгілік, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт пен береке тілеймін!
Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры берік, туы биік болсын!
Киелі Қызылордамыздың құты мен ырзығы артып, халқына жұғысты болғай! Еліміз, Елбасымыз аман болсын!
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, қымбатты жерлестер!