ҚЫЗЫЛОРДАДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРМАҚ
Облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязовтың «Қызылорда облысында 2015 жаңа жыл қарсаңында азық-түлік тауарлары бағаларының тұрақтылығын қамтамасыз ету және өнім түрлерін молайтуды ұйымдастырудың» іс-шара жоспарына сәйкес қалада жәрмеңке өтпек.
Жәрмеңке «Сыбаға» базарының маңындағы Тоқтыбаев көшесінде «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-ның ұйымдастыруымен 25 желтоқсан мен 25 қаңтар аралығында өтеді.
Жәрмеңкеде азық-түлік тауарлары нарық бағасынан 20-25 пайыз төмен бағада сатылып, тұрғындардың әлеуметтік маңызы бар тауарларды қол жетімді бағада сатып алуына жағдай жасалады. Өз кезегінде бұл шараның аса маңызды өнімдердің бағасын тұрақтандыруға септігін тигізуіне ықпал етеді.
Сонымен қатар, «Дәмді» әлеуметтік дүкендері арқылы және «Мирас» сауда орталығында аса маңызды азық-түлік тауарлары арзан бағада күнделікті халыққа ұсынылатын болады. Осы сауда орындарында өнімдердің сатылуына, бағасына күнделікті мониторинг жүргізілетін болады.