«ӨЗ ЖЕРІҢДІ ТАНЫП БІЛ»

Жастарға тәлімі көп экскурсиялық сабаққа №212 мектебінің 3-4 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар мұражайда қаланың көрікті жерлерімен және түрлі тақырыптағы залдары аралап танысты. Ұйымдастырушылар оларға қаламыздың құрылу тарихын таныстыра отырып, туған жерді құрметтеу, өз Отанының патриоты болу жайында дәріс оқыды.
