«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: НӘЗІК ТЕ, ҚАЙРАТТЫ – МАРИНА

Марина Вольнова еліміздегі «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына Сыр өңірінен үміткер ретінде қатысуда.
Марина Вольнова бокспен 6 жасынан айналысып келеді. Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шебері ол 2010 жылы Азия чемпионы болды. Әрине, мұндай жеңістің оңайлықпен келмейтіні белгілі. Әсіресе, бокста өзіңді мойындату оңай емес. Шынында, спорттың қай түрінде болмасын жеңіске жету қиынның қиыны. Спортшылардың жеңіс тұғырында тұрып, елін әлемге паш ету біздер көрермендерге оңай көрінгенімен, оның сол жеңіске дейінгі жеткен жолы, спорттағы қадамдары беймәлім.
Былғары қолғап шебері Марина Вольнова да бабы мен бағы қатар келген спортшылардың бірі. Сыр елінің мақтанышына айналған ол әлем чемпионатының күміс жүлдесіне де қол жеткізген. Бұл енді қажырлы еңбек пен қайтпас қайсарлықтың арқасында келген жеңіс екенін айта кету керек.