ҚАЗАҚ ЖАЗУШЫЛАРЫНЫҢ КІТАПТАРЫ КОРЕЯНЫҢ ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНА ҚОРЫН ТОЛЫҚТЫРАДЫ
Қазақ жазушыларының 40 туындысын енді Кореяның ең ірі кітапханасында окуға болады. Кітаптар Сеулде өткен қазақстандық мәдени форумда табысталды. Шараны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазақ әндері, суреттері және кітаптарі Сеулде өткен мәдени форумда паш етілді. Қазақстанның осындай ауқымды шығармашылық тобы Кореяға алғаш рет келіп отыр. Қатысушылардың бірі – саяси ғылымдарының докторы Бәкір Әбдіжәлел. Корей ұлтының үлкен диаспорасы бар Сыр өңірінің тумасы Сеулге екі ел арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға келді.
Әбдіжәлел Бәкір, саяси ғылымдарының докторы:
- Біз корейдің фильмдерін өте жақсы көреміз, өйткені ондағы көптеген әдет-ғұрыптар біздің қазағымызда да бар қазір. Соны ойлап отырып кейде түбімізде бір жақындық бар деп ойлаймыз. Меніңше, сол жақындық молая берсе, екі халық та ұтады.
Қазақстаннан Сеулге қырық кітап әкелінді. Олар Корея ұлттық кітапхана қорын толықтырады.
Ким Хе Рин, Корея ұлттық кітапханасының қызметкері:
- Бұл кітаптар қазақ бөлімін ашуға мүмкіндік береді. Қазір бізде осындай жеті шетел секцияларымыз бар. Шығармалар корей тіліне аударылса, онда қазақ мәдениетімен одан да тез танысуға болады.
Жиынға қатысушы кореялықтар қазақстандық кітаптар және суреттермен танысуымен қатар туынды авторларымен де жүздесуге мүмкіндік алды. Кореяның ең ірі кітапханасына сыйға тартылған шығармаларының ішінде Алдан Смайылдың, Несіпбек Айтұлының және Зинаида Чумакованың туындылары бар.
Форумда жазушылар қазақ әдебиетін корей тіліне аудару мәселесін көтерді.
Ким Хи Чуль, Ханьян университетінің профессоры:
- Кореялықтардың қазақ кітаптарі мен фильмдеріне қызығушылығы зор. Бірақ тамаша қазақ шығармалары корей тіліне әлі аударылмаған.
Қазақстан үкіметі осы мәселені шешуге көмектессе, алғысымыз шексіз болар еді. Корея кітапханаларында корей жазулары бар тартымды қазақ фильмдер болса деп армандаймыз.
Қазақстан делегациясының басшысы, белгілі қоғам қайраткері Алдан Смайыл Кореяға алғаш рет ат басын бұрған. Бірақ жазушы Таңғы самал еліне тағы да келуге ниет білдіріп отыр. Тіпті белгілі корей туындыны қазақ тіліне аударуға және Корея туралы кітапты жазуға дайын.
Алдан Смайыл, жазушы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты:
- Мен қазақ жазушы ретінде Қазақстанды жазумен шектелмеуім керек. Мен егер осы елді білсем, Корея еліне бір шығармамды арнар едім. Егер біз осылай бір-бірімізді жазып, ақпарат алмасатын болсақ, тіпті жақсы болар еді. Корея жазушы менің халқым туралы жазып жатса, мен Корея халық туралы жазып жатсам қандай тамаша.
Кореяны жақсы тану үшін қазақстандықтар Сеулдің көрікті жерлерін аралады. Ал кореялық әріптестерін елімізге келуге шақырған.