ЖАЛАҒАШТЫҢ ҮЗДІК ҰЙЫМЫ

Бір ғасырдан астам уақыт бұрын бой көтерген «Иманқұл» мешітінің имамы Айбек Мәдиев көмек сұрай келген жандарға қашанда қол ұшын созуға дайын. Жыл басынан бері әр ай сайын қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, аз қамтамасыз етілген отбасыларға азық-түлік, киім-кешекпен көмек көрсеткен. Сонымен қатар "Ұмай' мүмкіндігі шектеулі балалар бақшасына қаржылай және азық-түлік өнімдерімен көмек берген.
Биылғы жылы көктем айларында ауыл ардагерлерімен Қорқыт ата кесенесі мен Марал Ишан баба басына барып тәу етіп қайтқан болатын. Сондай-ақ қасиетті Рамазан айында кең көлемде қайырымдылық шарасын өткізіп, 100-ге жуық отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті. Сонымен бірге балалар күніне орай балаларға арнап сый жасап, "Мектепке жол" акциясы аясында біршама оқушыға оқу-құрал жабдықтарна көмек көрсеткен.
