ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СУДЬЯЛАР ТӨРАҒАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің судьялар қызметіне тағайындау туралы 24.12.2014 жылдың №983 Жарлығына сәйкес, Қызылорда облыстық сотының судьясы Баймаханов Сембек Үдербайұлы Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының, судья Ерманов Алмат Нұрмұратұлы Атырау қалалық сотының төрағасы қызметтеріне тағайындалды. Бұл туралы облыстық сот хабарлады.
Олардың Қызылорда облыстық сотына сіңірген еңбектері, сот төрелігінің сапалы жүзеге асуына қосқан үлестері зор. Сот жүйесінде ұзақ жылдар бойы абыроймен жұмыс атқарған білікті судьялардың жаңа қызметте де іскер де тәжірибелі басшы болатынына, адал еңбегімен халық сенімінен шығары сөзсіз.
Қызылорда облыстық сотының судьялары Сембек Баймаханов, Алмат Ерманов төраға қызметтеріне өздерінің еңбегі мен біліктілігінің арқасында жетті.
Сембек Баймаханов 1983 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің заң факультетін бітірген. 1983 - 1987 жылдар аралығында прокуратура саласында, 1987 жылдан бастап сот саласында 25 жылдан астам судья қызметін атқарған.
Ерманов Алмат Нұрмұратұлы 1997 жылы Қазақ Мемлекеттік Заң Университетінің заңтану факультетін бітірген. 2000 жылдан бастап 15 жылға жуық судья қызметінде болды. Өңіріміздегі сот жүйесіне ұзақ жылдар еселі еңбек сіңірген облыстық соттың бұрыңғы судьяларының алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз.