«АУЫЛҒА ЖОЛ» АУЫЛҒА АПАРАДЫ

Естеріңізге сала кетейік, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның кезекті отырысында Президент Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев Елбасының тапсырмасына сәйкес «Ауыл – ел бесігі» және «Өз жеріңді танып біл» жаңа жобалары іске қосылатынын атап өткен болатын. Бұл жобалар аталған бағдарламаның дамуына серпін беретіні анық.


