«БАТЫР АНАЛАР» АНСАМБЛІНЕ 30 ЖЫЛ

Жастар арасында ұлттық дәстүр мен ұлттық өнерді насихаттайтын ансамбль биыл өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. 1988 жылы ауданға қарасты Еңбек ауылында құрылған ансамбль алғашқыда 19 батыр анадан құралған. Қазіргі таңда ансамбль құрамында 26 өнерлі аналар бар. Олардың 14-і батыр ана. Ансамбль мүшелері облыстық және аудандық мәдени іс-шараларда өз өнерлерін ортаға салып, әндерін шырқайды. Ансамбль түскен қаражатты «Сәбилер үйі» мен аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық жасайды.


