ҰЛМЕКЕН ЖАНАЛИЕВА: ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ БІРІНШІ ОРЫНДА

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде ұйымдастырылған «Жомарт жүрек» жобасы бойынша Сырдария ауданынан «Жылдың үздік ұйымы» номинациясына ие болған.
Ұлмекен Жаналиева 2010 жылдан бастап, «Отбасы және неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту бағытында шаралар ұйымдастыру» жобасы бойынша жұмыс жасап келеді. Аудандағы ана мен бала мәселелері, жас отбасылармен, көп балалы және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылармен, зейнеткерлер, мүгедек аналармен жұмыстар жүргізе отырып, олардың өзекті мәселелерін шешуге белсене араласады.
Алғашқы еңбек жолын ұстаз болудан бастаған жомарт жан 25 жылдан астам уақытын білім саласына арнаған. 1989-2008 жылдары Халық депутаттары поселкілік Советі атқару комитетінің предсадателі, Тереңөзек поселкесінің әкімі, Сырдария аудандық білім бөлімінің бастығы, Сырдария аудандық мұрағатының директоры қызметтерін атқарып зейнеткерлікке шыққан.

Атқарып жатқан игі істерінің арқасында оның жеткен жетістіктері де аз емес. Мәселен, 2011 жылы ауданның «Құрметті азаматы» атағын алды. 2010 жылы ауданның «Үздік қоғамдық ұйым жетекшісі», 2011 жылы облыс көлемінде «Үздік азаматтық қоғам өкілі», 2012 жылы «Алтын қазына» номинацияларына ие болған.