КӨШПЕЛІ МҰРАЖАЙ КӨРМЕСІ ӨТТІ

Көрмеде еліміздің көне тарихынан сыр шертетін тұрмыстық заттар, ағаштан, аң терілерінен жасалған бұйымдар қойылды. Көне жәдігерлер арасында самаурын, құман, құмыра, шоқ үтіктері, диірмен және басқа да тұрмыстық бұйымдар бар. Шарада Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Н.Оспанов қатысып, көрменің бүгінгі тыныс-тіршілігі, ұйымдастырылу мақсаты жайлы жалпы түсіндіріп өтті.
Көрмені 100-ден аса жаза мерзімін өтеуші азамат қызығушылықпен тамашалап, алған әсерлерімен бөлісті.
