ҚАЗАЛЫДАҒЫ ЕСКЕРТКІШТЕРГЕ QR ШТРИХ-КОД ТАҚТАЙШАЛАРЫ ОРНАТЫЛДЫ
Қазалыдағы 32 мәдени-рухани ескерткіштің енді QR штрих-кодтары бар. Бұл игі бастама «Рухани жаңғыру» және «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында қолға алынуда.
Ауданда 6 республикалық маңызы бар ескерткіш болса, соның 5-іне QR штрих-код тақтайшалары орнатылды. Атап айтсақ, Қазалы қаласындағы Ноғай (Нұралы) мешіті, Ғанибай үйі, Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана), Ғ.Мұратбаевтың мемориалдық мұражайы ғимараты (Депутаттар кеңесінің ғимараты), Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы бар.
Енді кез кезген тұрғын ұялы телефондағы Android және IOS платформаларында «Сканер QR и штрих-кодов» мобильді қосымшасы арқылы тақтайшаларды сканерлеп, ескерткіш жайлы http://www.kyzylorda-pamyatniki.kz сайтында орналасқан мәліметтерді ала алады.