СЫРДАРИЯНЫҢ «ЖЫЛ ТҰЛҒАСЫ» – БӨЛЕГЕН РАҚМЕТ

Сырдария ауданына қарасты Сәкен Сейфуллин ауылында дүниеге келген Бөлеген Рақмет алғашқыда зоотехник мамандығын тәмамдайды. Мұнан соң Отан алдындағы борышын өтеп, кейін қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша жоғарғы білім алады.
Алған мамандықтары бойынша аз уақыт жұмыс жасағанымен, көп кешікпей кәсіпкерлік саласына бет бұрған. 2013 жылдан бері «Құндызды май» шаруа қожалығының төрағасы болып қызмет атқарып келеді.
Бөлеген Рақмет бірнеше жылдан бері ауылда әлеуметтік аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға қолқабыс жасап жүр. Ол ауылдастарына көмек көрсеткен алғашқы жылы тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік жеткізіп берсе, онан кейінгі «Мектепке жол» акциясына атсалысқан. Сондай-ақ «Міркемел Кәлпе» мешітіне жылу қазандығын салуға, мешіттің асханасын салуға қаржылай көмек көрсетті. Сонымен қатар үстіміздегі жылы аналар мерекесіне орай ауылдың ақжаулықты аналарына сый-құрмет көрсетіп, мектеп пен балабақшалардың қоштасу кештеріне қаржылай қолдау жасаған. Кәсіпкер аталған бұл көмектерді жыл сайын ұйымдастыруды өз әдетіне айналдырған. Оның игілікті ісіне ауылдастары да дән риза.
Атқарған игі істерінің нәтижесінде Бөлеген Рақмет ауыл, аудан және облыс әкімдерінің «Алғыс хаттарымен» бірнеше рет марапатталған.