КӨНЕ ТАРИХЫМЫЗДЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУ ТҮРКІ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ МІНДЕТІ – Г.ӘБДІХАЛЫҚОВА
Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Халықаралық Түркі академиясында болып, бірегей ғылыми орталықтың ғылыми-зерттеу қызметімен танысу барысында келер жылда көне тарихымызды әлемге таныту Түркі академиясының міндеті болып табылатындығын атап өтті, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында біз тарихты қайта мұқият зерделеу жұмысын жүргізуіміз керек. Бұл жерде негізінен басымдық мүмкіндігінше тарихи шындықты ашуға бағытталыуы тиіс деп ойлаймын. Осы ретте халықаралық конференциялар тек қана Қазақстанда ғана емес, түркі әлемі елдерінде ұйымдастырылу керек. Тіпті, Америка мен Еуропа елдерінде және ЮНЕСКО-ның штаб-пәтеріндегі үлкен-үлкен залдарда біз өзіміздің көне тарихымыз жайлы мәліметтерді жайып салып, әлем жұртшылығына құнды дүниелерімізді таныстырғанымыз абзал. Осындай міндеттемелерді мінсіз атқарып шығу Халықаралық Түркі академиясының құзырындағы шаруа болып табылады, - деді Гүлшара Наушақызы.
Айта кетейік, Түркі академиясының жетекшілері мен ғылыми қызметкерлерінің басын қосқан алқалы жиында Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясының Жылын, Конституцияның 20 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын, Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайын талқылай келе, түркі әлемінің бай рухани-мәдени мұрасын, оның ішінде қазақ мемлекеттілігін, Қазақ хандығының құрылуын зерделеуде маңызды рөл атқаратынын айтты.
Бүгінгі таңда академияда Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің азаматтары, оның ішінде 8 ғылым докторы мен «Болашақ» бағдарламасының 2 түлегі жұмыс істейді. 2014 жылы түркі әлемінің өзекті мәселелеріне арналған 5 форум, 4 халықаралық ғылыми конференция және 15 ғылыми семинар өткізді. Академияда 30-дан астам түркітану орталығының атынан дүниежүзінің 192 ғалымының қатысуымен 36 ғылыми-зерттеу жобалар іске асырылуда.
Сондай-ақ, жиын соңында Мемлекеттік хатшы халықаралық Түркі академиясы «Қазақстан-2050» стратегиясын, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыруда, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын ілгерілетуде маңызды зияткерлік тұғырнама болып табылатынын атап көрсетті.