ҚҰРМЕТТІ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!
2018 жылы 27 қазан күні Қызылорда қаласының әуежай аумағында антитеррорлық оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Іс-шараның мақсаты –террорлық қауіп төнген жағдайда мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасуының дағдыларын қалыптастыру. 8.00-13.00 уақыт аралығында әуежай аумағында шектеу енгізіледі.
Осы орайда, түсіністік танытып, алаңдатушылыққа бой алдырмай, қауіпсіздік шараларын сақтап, оқу-жаттығу жұмыстарына қатысатын құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауларыңызды сұраймыз.