ТУҒАН ЖЕР-ТҰМСА ТАРИХ
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы Ақмешіт музейінде «Рухани қазына» кіші бағдарламасы «Туған жер – Туған ел» базалық бағыты аясында, «Қызылорда тарих толқынында» атты шара ұйымдастырды.
Тарихы тереңде жатқан Сыр бойындағы Қызылорда өңірі екі ғасыр тарихты артқа тастап, алты алаштың басын қосып, қаймағы бұзылмаған қазақ халқының қасиетті мекеніне айналып отыр. Шараның мақсаты: екі ғасырлық тарихымызды өскелең ұрпаққа насихаттау.
Шара қонақтары Ықсанов атындағы политехникалық колледжінің студенттері мен оқытушылары және «Ескерткіштерді қорғау мекемесінің» қызметкерлері қатысты.
Шара барысында қаламыздағы қорғауға алынған тарихи ескерткіштердің тарихы мен қазіргі кездегі жағдайы айтылды.