ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ ЕЛБАСЫНЫҢ ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ҚҰТТЫҚТАУЫН ТАБЫСТАДЫ
Апта басында облыстық мәслихат хатшысы, депутат Ақмарал Әлназарова Ұлы Отан соғысының ардагері Асанбай Әбдірахманұлының үйіне кіріп ел басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа жылдық құттықтауын табыс етті. Елбасы атынан мерекелік сый-сияпат жасады.
Бүгінде облыс орталығында тұратын 93 жастағы ардагер Сырдария ауданының тумасы. Асанбай ата қосағы Ырыскүл Күлмеснақова әжемен бала-шаға, бау-бақшасымен Гагарин қыстағында тұрады. Қарт майдангер бізбен шағын әңгіме барысында әскерге 1943 жылы мектепте оқып жүрген кезінде алынып, Жапониямен соғысқа қатысқанын, елге 1948 жылы оралғанын айтып берді. ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденінің, бірнеше медальдардың иегері қарт майдангер қарулас достарының рухтарына тағзым етіп, бір сәтке үнсіз еске алды. Жұбайы, тыл ардагері Ырыскүл әже екеуі бүгінде бірнеше ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп, олардан немере-шөбере сүйіп отыр.
Елбасының елге деген ықыласына тәнті қария Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы қарсаңындағы Жаңа жылдық құттықтауына өз алғысын жеткізді. Мәслихат хатшысымен болған сұхбат барысында ардагер Мемлекет басшысына деген құрметінің ерекше екенін айтып, жасалып отырған қамқорлыққа алғысын білдірді. Тәуелсіз Қазақстанды өсіп-өркендету бағытында атқарылып жатқан еліміздегі игі тірліктерді қолдайтынын айтты.
«Келесі жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлағалы отырмыз. Осы мерейлі жылға орай Мемлекет басшысының ардагерлерге көңіл бөліп, арнайы құттықтау жолдап отырғаны бізді ерекше тебірентт. Біз мұны Елбасының асқақ абыройы мен құрметінің белгісі деп білеміз», - дейді Асанбай ата. Өз кезегінде Ақмарал Шәріпбайқызы, «Қадірлі Асанбай ата! Ұлы жеңістің 70 жылдық мерейтойы аталып өтілетін, алдағы жаңа 2015 жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер соғыс жылдары да, соғыстан кейін де қажымас, қайратты жігерлеріңізбен, еңбек жолындағы ерліктеріңізбен бейбітшілікке жету үшін, бақытты ұрпақ келешегі үшін аянбай тер төктіңіздер. Енді бүгінде кейінгі ұрпақтың құрметіне бөленіп, үлгі болып жүрсіздер. Біздер ардагерлерге қамқорлық танытып, құрмет көрсетуді өзіміздің борышымыз санаймыз. Сіздерге, отбасыларыңызға зор денсаулық, таусылмас жігер, ұзақ та бақытты ғұмыр тілеймін! - деп сөзін жеткізді.
«Президентімізге де, сендерге де ұзақ ғұмыр беріп, абыройлы атаныңдар! Біздің де Елбасыға, аймақ басшысына және сендерге деген алғысымыз шексіз», - деп ойын білдіріп, батасын берді.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ