ҚАЗАҚСТАНДА БЕНЗИН БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ
Бензин және дизель отынының құны тамыз айының соңына дейiн өзгерiссiз сақталып қалады.
Бұл туралы бүгiн Президент жанындағы брифинг барысында Мұнай және газ министрi Ұзақбай Қарабалин мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.
"1 тамыздан бастап бензин және дизельдiк отын бағасы өзгермейді және ай соңына дейiн сақталып қалады", - дедi Ұзақбай Қарабалин.
"ЖЖМ бағасын түзету мәселесi ай сайын талқыланын жатыр. Ол қаңтар айында басталғаны өздерiңiзге белгiлi және бүгiнде жалғасын тауып отыр. Бұл мәселе үкiмет отырысында, ведомствоаралық комиссия және өзге де отырыстарда, ТМРА, Экономика министрлiгiнде де, бізде де кеңінен талқыланып келеді. Десек те, бензин құнының қымбаттамай жатқанын көрiп отырсыздар. Ол қалыпты түрде сақталып отыр", - деп толықтырды министр.
Қазақстанда мемлекеттік мекемелер мұнай өнімдерінің бөлшектеп өткізу бағасын бекітуде. Қазіргі таңда Аи-80- 89 теңге, Аи-92 – 115 теңге.