«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: АМАНҒАЛИ НҰРЫМОВ
Егемен елдің әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдыр тұр. Нақты адамның баянды тірлігі, үлгілі өмір жолы арқылы отанның келбет-көрінісі айқындалады. Ұлттың алтын қорын қалыптастырып жатқан тұлғаларды таңдайтын Қазақстандағы «100 жаңа есім» жобасына Қызылорда облысынан үміткерлердің қатарында алтын қолды дәрігер Аманғали Нұрымов бар.
Ол Қызылорда облыстық балалар ауруханасының №1 хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санаттағы балалар хирург дәрігері.
Аманғали Тасбауұлы 1968 жылы Қазалы ауданында туылған. М.Оспанов атындағы БҚММА-ның педиатрия факультетін бітірген. 1994-1997 жылдар аралығында Байқоңыр қаласындағы балалар емханасында балалар хирургі мамандығы бойынша жұмыс жасаған. 1997 жылы Қызылорда қаласының облыстық медицина орталығына балалар хирургі, 2008 жылдан бастап балалар хирургия бөлімінің бөлім меңгерушісі болып, 2017 жылдан бастап облыстық балалар ауруханасында жоспарлы хирургия бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқаруда. Санитарлы авиация бағытында көмек көрсетеді.
Дәрігер облыстың медицина саласына ерекше үлес қосып келеді. Оны әріптестері тәріжибесі мол әрі іскер басшы ретінде сыйлайды. Еңбек жолындағы 23 жыл ішінде халық денсаулығын қорғауда аянбай еңбек етіп, халықтың алғысына бөленіп келеді. Кейінгі жастарға өз білген-түйгенін үйретуден аянбайтын тәлімгер.