МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДА – ТҮРКІ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР
Халықаралық Түркі академиясының жұмысымен етене жақын танысу мақсатында ұйымдастырылған жиында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда – Түркі академиясы интелектуалды платформаға айналуы тиіс екендігін атап өтті.
- Түркі академиясы түркі халықтарының ортақ байлығы рухани-мәдени мұраларын игілікке жарата отырып, Қазақ хандығының мемлекетшілдік тарихын одан әрі тереңдете зерттеуде жоғары маңызға ие. Бұл мәселеде тіпті халықаралық деңгейдегі шаралар ұйымдастырылуы тиіс, - деді Гүлшара Наушақызы.
Айта кетейік, бүгінгі таңда аталған Академияда өз елімізден басқа Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан секілді алыс-жақын шет елдердің 8 ғылым докторы мен «Болашақ» бағдарламасының 2 түлегі қызмет етеді.