ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА
Қазіргі уақытта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер» бағыты бойынша «Атамекен» шағын бағдарламасын жүзеге асыруда. Шағын бағдарлама жергілікті қауымдастықтың өзекті мәселелерін шешу үшін азаматтардың, ҮЕҰ-дың, еріктілердің, меценаттар мен бизнес-құрылымдардың және мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған.
Шағын бағдарлама шеңберінде екі негізгі бағыт іске асырылады. Олар: «Әлеуметтік бастамалар картасы» және «Жомарт жүрек» жобалары. Бұл жобалар аясында елімізге «халықтық» инвестициялар түрінде ауқымды көмектер жасалды. Азаматтар, негізінен кәсіпкерлер әлеуметтік нысандар салуға, оларды реконструкциялауға және қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз етуге қаражат сала бастады
Осыған орай Қазалы ауданында «Асыл-Иман-Ихсан» қоғамдық қорын ашып, бүгінде 1 отбасының тұрғын үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жасаса, 1 отбасына 2 бөлмелі үй салып берген. Бірқатар тұрмысы төмен жандарға азық-түлікпен көмек көрсетіп, баспана мәселесі қиын жандарға қол ұшын беріп үлгерген. Жақсылыққа жаны құмар қайырымдылық іспен айналысатын жандар бүгінгі күнде игі істерді жалғастыруда.
«Үйі жоқтың күйі де жоқ» демекші баспана мәселесі әбден тығырыққа тіреген жанұялар үшін Әйтеке би кентінен 5 отбасына арнап шағын баспана салынуда.
Аудан әкімі М.Ергешбаев бастамамен танысу мақсатында салынып жатқан тұрғын үйге ат басын бұрды.
Бұндай игі бастамаға сәттілік тілей отырып, жұмыстың қарқынды жүзеге асырылуына байланысты «Асыл-Иман-Ихсан» қоры, Қазалы ауданының әкімдігі, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен үш жақты меморандумға отыруды ұсынды. Сонымен бірге, жақсылыққа бағытталған жұмыстарға қолдау білдіретінін жеткізді.