АЛТЫ АЛАШТЫҢ ШАЙЫРЫ

Осыған орай облыстық Ардагерлер үйінде Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен «Сөйле, тілім, жосылып» атты жыр кеші өтті.
Шайырдың танымал шығармаларымен қатар басқа да сүлейлердің жыр-толғауларын Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің студенттері орындады.
Өлең жазуды 16 жасынан машық ете бастаған ақынның көптеген толғау, терме, өсиет, мысалдарымен қатар, он бестен аса көлемді дастандары бар. Олар «Жарлы Тәліп», «Қара шекпен», «Әбу Шаһыма», «Һақ Сүлеймен», «Мағауия», «Мұхаммад», «Үш күлше» және т. б. хикая, дастандары. «Һақ Сүлеймен» дастаны жетпіс тоғыз (79) бөлімнен тұрады. Бұл шығарма өте көлемді шығармалардың бірі. Ғасырдан қойнауынан біздің заманға өшпей жеткен жыр-термелеріміз, мәдени мұраларымыз бірегей ұлттық мүддеміз, қазақтығымыздың жарқын сипаты іспетті.
Шара соңында ардагерлерге «Атадан қалған асыл сөз» атты кітап көрмесі таныстырылды.