«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»:ЗАРИПА ТАСЫМОВА

Зарипа Жаппарқызы Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетіне түсіп, осы аталған оқу орнын тәмамдаған. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінен №29 мектеп директоры қызметіне ауысты. Ол 1998 жылы Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. Зарипа Жаппарқызы Сыр өңірінің ақын-жыраулары, Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміз, қуғын-сүргін құрбандары, ұлағатты ұстаздар өнегесі, ауыл, мектеп тарихы жайлы деректер жинақтап, оқушылардың рухани дүниесін байытуға аянбай еңбек етіп келеді.
Саналы ұрпақ, сапалы тәрбие берудегі еңбегі еленіп, 2015 жылы «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ творчестволық бірлестігі ұйымдастырған «Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Таңғалдырған таңғажайып таланттар» өнер фестиваліне қатысып, дарынды шәкірттер дайындағаны үшін «Лидер образование» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 75 жылдық мерейтойлық медалімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғыс хатымен марапатталған. 2017 жылы Орта Азия мемлекеттерінің ғылыми-педагогикалық қауымдастығы Қазақстан Педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ұйымдастырған республикалық «Үздік директор» конкурсында жеңімпаз атанып, «Үздік директор» медалін иеленді. Шәкірттері республикалық байқауларда жеңімпаз атанып жүр.