«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: АЙНҰР ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ

Ол 2015 жылдан бері Қызылорда қаласындағы Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметін атқарып келеді. Айнұр Жақсылыққызы шәкірттерін ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үйретіп, түрлі ғылыми жобалар мен интеллектуалдық сайыстарға қатысуға тәрбиелеп жүр. 2016 жылы Манэи олимпиадасында қазақ тілі бойынша оқушылары Н.Мейрамбек І дәрежелі диплом алса, Ш.Зияділда, Ә.Мырзатаев, Т.Қорғанбеков, А.Абдрахман, Н.Беркінбай жүлделі 2,3-орындар алған. 2017 жылы республикалық «Ақбота» интеллектуалдық сайысында Д.Өмірбекова, Д.Мырзабек, Н.Бисембаева ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ «Идеялар жәрмеңкесі» инновациялық көрме жұмыстарында үздік жобасы үшін А.Жақсылық, «Болашақ Қызылорда қаласының сол жақ жағалауы» топтық жобасы үшін Н.Самат, Ұ.Кәрібай жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтар алды.
2018 жылы «Зерде» ХІІІ республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінде шәкірті А.Жақсылық 1-орын, республикалық кезеңінде жүлделі 2-орынды иеленді.
Айнұр Жақсылыққызының білім беру саласының өзекті мәселелеріне арналған мақалалары республикалық Мәртебе.KZ сайтында, «Ізденіс жолы» республикалық журналында жариялап келеді. Педагогтік шеберлігі мен ғылыми ізденістерінің нәтижесінде алғыс хат, дипломдармен марапатталған.
2016 жылы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ІІІ республикалық пәндік олимпиадасына белсене қатысқаны үшін университет ректорының алғыс хатын алса, қалалық Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері байқауында, қалалық «Алғашқы педагогикалық қадам» жас педагогтар арасындағы кәсіби байқауда жүлделі 3-орынға иегері атанды.