ҚАЗАҚСТАНДА КӨЛІК ҚҰРАЛЫН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ЖАҢА КУӘЛІКТЕР БЕРІЛЕДІ
Қазақстанда 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік құралын тіркеу туралы жаңа куәліктер беріледі. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті.
"Нақтырақ айтқанда, бұл жаңа мәліметтер келтірілетін жолдары бар жаңа техникалық төлқұжат болмақ. Сонымен қатар, онда 3 жаңашылдық болады. Құжатқа VIN-код, яғни автокөлік құралын идентификациялау нөмірі, ең алғашқы тіркеу датасы және көлік құралын шығарушы ел енгізіледі. Бұған қоса, көлік қондырғысының нөмірі туралы мәліметтер алынып тасталады", - деді Тұрғымбаев.
Оның айтуынша, VIN-код арқылы автокөлік шығарылған елді, көліктің иесі кім екенін және көлік құралының қандай жол-көлік оқиғаларына қатысы бар екенін білуге болады.
"Мұндай идентификациялық нөмір елімізде бұрын-соңды болған емес. Бірақ биыл біз осы нөмірді еліміздегі барлық көлік құралдарына енгіземіз", - деді вице-министр.
Дегенмен, Тұрғымбаевтың айтуынша, аталған бағыт бойынша жұмыстар әзірге тестік режимде жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта көлік құралын тіркеу туралы куәліктің үлгісі дайындалған.
"Жаңа техникалық құжаттарды 2015 жылдың қаңтар айында бере бастаймыз. Қазір жұмыстар тестік режимде жүріп жатыр, алғашқы үлгілер қолымызда бар. Менің ойымша, қаңтардың соңына дейін оларды бере бастаймыз", - деп қорытындылады ол.
Айта кетейік, ІІМ мәліметтері бойынша, 2014 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткішке сәйкес Қазақстанда 4 млн 365 мың 93 автокөлік тіркеуде тұрған. Ал биыл ғана (25 желтоқсанға дейін) осы көрсеткіштің үстіне тағы 952 мың 407 автокөлік қосылған.