ШАЛҚИЯ КЕН ОРНЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Жақында кенорнын өндірумен айналысатын «Шалқия Цинк LTD» ЖШС-нің 100 пайыз үлесі «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясына берілді. Қазір кен орнында финляндиялық инвесторлармен бірге жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүруде. Алдағы үш жылда құрылыста 945 адам жұмыс жасап, 469 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылады. Облыстық мәслихаттың ХХІХ сессиясында өңір басшысы Қырымбек Көшербаев осылай мәлімдеді.
Кенішті және кен байыту фабрикасының бірінші кезеңін 2017 жылдың соңына дейін іске қосу көзделуде. Комбинат сол кезде жылына 2 млн. тонна кен өңдеп шығаратын мүмкіндік болады. Ал, екінші кезеңін іске қосу 2019 жылға жоспарланған. Комбинат толықтай жоспарлы өндірістік қуатына кіріскенде жылына 4 млн. тонна кен шығарып, онда 1500-ге дейін жұмысшылар қызмет етеді.