ЕЛІ СЫЙЛАҒАН ЕР ТҰЛҒА

Сонымен қатар, республикаға белгілі болған халық ақыны Нартай Бекежановқа тұрғызылған мұражай құрылысы есте қаларлық болашақтың көркі деуге болады. Ауданда бірінші болып, жанұялық Ағажановтар ансамблін, ВИА «Шаттық» ансамблін, 16 қыздардан би тобы және «Нартай сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамбльі ұйымдастырылып, музей соғылуына, 1990 жылы Нартай Бекежановтың 100 жылдық мерейтойында ауыл көркінің ажарлануына үлесін қосты. Ауданымызда да көптеген игі істер атқарып, еңбегі бағаланды.

Аудан тұрғындары осындай азаматтардан үлгі алып, үйлерінде сақталып тұрған көне жәдігерлерді музей қорына әкеліп өткізсе нұр үстіне, нұр болар еді.
Елім деп еңбек еткен ерлердің тұтынған заттарын қандай да бір құнды деректер мен жәдігерлерді көзінің қарашығындай сақтау, өз Отанын туған жерін, оның тарихын құрметтеу әр азаматтың борышы.
Одан бөлек ұлы тұлғаны еске алу мақсатында жуырда №156 Н.Бекежанов атындағы мектепте аудандық еске алу турнирі ұйымдастырылды. Шараны мектеп директоры Г.Бектегенова, білім бөлімінің спорт меңгерушісі Ж.Шохаев, ауыл әкімі Ф.Ержан, ауыл ақсақалы Қ.Оспановтар ашып берді. Сайысқа аудан мектептерінен 6 ұлдар, 5 қыздар командасы қатысты. Жеңімпаздар аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен және Ж.Ақмолдаевтың ұл-қыздары дайындаған бағалы сыйлықтармен марапатталды.