«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: СЕРІК ЖАҚСЫҒҰЛОВ

Серік Орынбекұлы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде білім алған.
Ол облыстық, респбуликалық байқаулардың жүлдегері. ІІІ халықаралық шығармашыл жастар «Шабыт» фестивалінің дипломанты, «Шалқар термесі» термешілердің республикалық байқауында бас жүлде иемденді, республикалық «Ғасырлар үні» жыршы, жыраулар конкурсында бас жүлде алып, «Алтын домбырамен» марапатталды. Сол сияқты, «Қазақтың күміс көмей Көшенейі» атты республикалық жыршы, жыраулар байқауында бас жүлдегер атанды.
Сонымен қатар, «Сыр бойы ақын – жырауларының шығармашылығындағы дастаншылдық дәстүр» тақырыбында ғылыми зерттеулер мен ғылыми ізденістермен шұғылданған. Жыраулық дәстүрді зерттеу жолында көптеген ғылыми зерттеулермен ғылыми мақалалары жарық көрген. 2006 жылы «Томаға жыр» атты жыр жинағы (үнтаспа), 2010 жылы «Көрұғлы» жыры және «Жыр насихат» жыр, терме, толғау (CD) үнтаспасы жарық көрді. Шәкірттері халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардың жүлдегерлері атанып жүр.
2013 жылдан бастап, Қармақшы аудандық Көшеней Рүстембеков атындағы «Жыраулар Үйінің» директоры қызметін абыройлы атқарып келеді.